Автовокзалдар мен автобекеттердің жұмысы тоқтатылды

original-xy0.jpg


Түркістан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстағы барлық автовокзалдар мен автобекеттердің қызметтері уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

-Қауіпті инфекцияның таралуын болдырмау үшін тұрғындарға барынша сақ болуға, арнайы масканы пайдалануға, гигиеналық талаптарды сақтауға шақырамыз,-делінген хабарламада.

Түркістан облысында 3 сәуір күнгі соңғы ақпаратқа сәйкес,коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 16 адам тіркелген.

Оның ішінде10 науқас Жетісайауданында, Кентау қаласында 2 адам, Арыс қаласы - 1, Мақтаарал, Ордабасы және Сайрамаудандарында 1 адамнан тіркелді.

Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда инфекция ошағы мен қоғамдық орындарда ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Індеттің таралу қаупі жоғары болғандықтан, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындарды төтенше жағдайға байланысты қабылданған шараларға түсіністікпен қарап, тиісті тәртіптік шараларды сақтауға, дәрігерлердің нұсқаулықтарын бұлжытпай орындауға шақырды.

Облыс әкімінің тапсырмасымен, Полиция, Төтенше жағдай департаментімен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратура, денсаулық сақтау саласымен бірлесе отырып, шұғыл түрде карантин жарияланған елдімекендер шекарасына блок-бекеттер қойылды. Төтенше жағдай режимін бұзған азаматтар заң аясында жауапқа тартылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер