Оқшаулау жұмыстары жүргізілуде

52699780_303.jpg

Түркістан облысында 3 сәуір күнгі соңғы ақпаратқа сәйкес,  коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 16 адам тіркелген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оның ішінде  10 науқас Жетісай  ауданында,  Кентау қаласында 2 адам, Арыс қаласы - 1, Мақтаарал, Ордабасы және Сайрам  аудандарында 1 адамнан тіркелді. 

Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. 

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Өңірде аурудың одан әрі таралмау ыүшін қажетті шаралар қолдланылуда. Бірқатар шектеулер енгізілді. Атап айтқанда, вирустың таралуын болдырмау мақсатында облыс аумағында барлық азаматтар медициналық бетперде киіп жүруі керек. Дүкендер мен қоғамдық орындарда бетпердесіз жүруге тыйым салынады. Онда арнайы залалсыздандыру құралдары орнатылуы тиіс. Тұрғындар үйден тек қана азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуы керек.Отбасылық мерекелер мен той-жиындарды өткізуге қатаң тыйым салынады.

Өмірзақ Шөкеев әлеуметтік желілерді шарлаған әртүрлі ақпараттарға сенбей, мемлекеттік органдар таратқан ресми мәліметтермен ғана танысуға шақырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды
  • Медицина қызметкерлерінің мәселесі қаралды
  • Бәйдібек ауданына қарасты «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-де семинар кеңес өтті
  • «Ауыл» партиясының депутаты Измирде өткен халықаралық көрмеге қатысты
  • Астанада «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген жиыны өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер