Састөбеде жаңа емхана ашылды

8.jpg

Түлкібас ауданындағы Састөбе кентінде «Ауыл — Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында тәулігіне 75 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы жаңа медициналық нысан ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт және аудандық аурухананың бас дәрігері Жанат Тогайбекова қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

Жалпы аумағы 1 гектар жерде орналасқан нысанның айналасы толығымен қоршалып, көгалдандырылған. Ғимаратының аумағы 940 шаршы метрді құрайды. Ішінде 20-дан астам заманауи жабдықтармен жабдықталған ем-дом көрсететін және емделушілер қаралатын бөлмесі бар. Бұл жерде отыздан астам ақ халатты абзал жан халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 5 учаскелік дәрігер бар, қалғаны — медбикелер.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм саласына салынған әрбір инвестиция—жұмыс орны
  • Түркістан: Халықтың кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде
  • Түркістан мақта-тоқыма кластерінің ірі орталығына айналады
  • Түркістанға шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артып келеді
  • Түркістанда қытайлық тәжірибе қолданылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер