Антикор Сайрамда кездесулер өткізуде

86.jpg

Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың Жарлығымен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы бекітілген Тұжырымдамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан Сайрам ауданында кездесулер өтті. 

Департамент жанынан 4 топ құрылған. Топ құрамында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойы департаменті басшысының орынбасары Арынбаев Нұрлан Керімханұлы, департаментінің Превенция басқармасының аса маңызды істері жөніндегі офицері Үсіпбаев Бауыржан Кеңесбайұлы, осы басқарманың бас маманы Төлегенқызы Гүлмира, «Түркістан-Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Абуова Нұржахан Ермағанбетқызы болды.

Топ мүшесі Н.Абуова және аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаевпен бірге жергілікті жерде білім беру, санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы, орталық аурухана мекемелерінің басшылары мен қызметкерлерімен жүздесіп, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын түсіндірді. 

Өңірде орын алған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы арнайы дайындалған бейнеролик ұжымға ұсынылып, құқықбұзушылық әрекеттерге жол бермеу мәселесі бойынша ой-пікірлер айтылды. 

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды
  • Медицина қызметкерлерінің мәселесі қаралды
  • Бәйдібек ауданына қарасты «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-де семинар кеңес өтті
  • «Ауыл» партиясының депутаты Измирде өткен халықаралық көрмеге қатысты
  • Астанада «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген жиыны өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер