10 құқық бұзушының ісі сотқа жолданды

1301.jpg

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында қолға алынған жүйелі жұмыстар нәтижесінде Түркістан облысының Шардара ауданында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер анықталуда. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспаөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың қазан айының 10-17 күндері аралығында Шардара ауданы аумағында «Заңсыз келуші» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Нақтырақ айтсақ, шардаралық полицейлер аудан көлемінде салынып жатқан құрылыс нысандарын тексеріп шықты. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабы 5-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша 10 құқық бұзушылықты анықтап, оларға қатысты құжаттарды сотқа жолдады.

Жалпы іс-шараның мақсаты – облыс аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте тазалық пен тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды
  • Әлеуметтік орталыққа жарты миллиард теңге бөлінетін болды
  • Алматыда метро құрылысын бақылайтын штаб құрылады
  • Бастауыш - білім негізі
  • Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер