Күзгі терім кезінде қауіпсіздік қызметі күшейтілді

1101.jpg

Малға жайлы, егінге қолайлы Түркістан өңірінде күзгі терім басталды. Осыған орай Жетісай ауданының полицейлері күзгі егінді жинап-теру кезеңінде, үлкен көлемдегі жүк көліктері, комбайн, түрлі тракторлармен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, жол бойындағы тексерісті күшейтті. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырылды.

Түркістан облысында күшейтілген қауыпсыздык қызметі Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында қолға алынды. Түркістан облысының полицейлері ескертеді: Құрметті жүргізушілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушылары жол жүру ережелерін қатаң сақтаңыздар, жолдарда абай болыңыздар. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Тұранның» мақсаты– инвесторларға қолайлы жағдай жасау
  • Сауранның даму қарқыны жоғары
  • Түркістан: Жаңа индустриялық аймақ—жаңа өндірістік мүмкіндік
  • Түркістан жаңа индустриялық дәуірге қадам басты
  • Түркістан өндірістік өңірге айналып келеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер