200-ден астам құқық бұзушылық анықталды

7.jpg

Түркістан облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 200-ден астам құқық бұзушылық анықталды. 

Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс мен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында, Түркістан облысы ПД бастығының бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 19-21 қыркүйек аралығында облыс аумағында "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы негізгі мақсат - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды азайту, балалар мен жасөспірімдердің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде болуына жол бермеу болып табылады. 

Мәселен рейдтік іс-шаралардың өткен тәулігінде ювеналды полиция қызметкерлері 221 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде:

- ҚР ӘҚБтК 132-бабы бойынша (түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болуына жол берген ойын-сауық орындарын анықтау) - 15;

- ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша (қоғамдық орында мас халде жүрген) - 6;

- ҚР ӘҚБтК 442-бабының 1-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы) - 22;

- ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы)-173 құқық бұзушылық. 

ІІО-да профилактикалық есепке барлығы 35 адам қойылды, оның ішінде құқық бұзушылыққа бейім 18 кәмелетке толмаған жасөспірім және ата-ана міндеттерін тиісті түрде орындамаған 17 қолайсыз отбасы. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 5 жасөспірім орналастырылды. 

Полицейлер атап өткендей, мұндай іс-шараларды өткізу құқық бұзушылықтың алдын алу тұрғысынан аса қажет. Сондықтан азаматтарды мұқият болуға, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер