Көлігінде тапанша сақтаған

4.jpg

Түркістан облысында полицейлер көлігінде 2 бірдей тапанша мен оқ-дәрі сақтаған тұрғынды анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістан ҚПБ-ның полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Осындай кезекті көше бойын патрульдеу барысында, полицейлердің назарына күмәнді "ВАЗ" автокөлігі ілінеді.

Полицейлер тексеру кезінде көліктен травматикалық тапаншаға ұқсас 2 дана қару мен оқ-дәрілер тапты. Тәртіп сақшылары жүргізушіден айғақты зат ретінде қаруларды тәркілеп алып, ПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты. Қаруға қатысты сараптама тағайындалды.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеді. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. 

Күнделікті атқарылатын мұндай жедел-профилактикалық іс-шаралар түрлі қылмыстардың төмендеуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ортақ міндет – өзара ынтымақ пен бірлікті сақтау
  • Үшқайықтықтар көгілдір отынның игілігін көруде
  • Серпінді жобада серпіліс бар
  • Жұмыссыздарды жұмыспен қамту билік назарында
  • Демеушілер күшімен көп жұмыс атқарылуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер