«Шетелдік көлікті тіркеймін» деген алаяқ ұсталды

3.jpg

Түркістан облысында шетелдік көлікті  тіркеп беремін деп, алаяқтық жасаған ер адам анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ол арызында белгісіз танымайтын тұлға сеніміне кіріп, шетелден әкелінген «Subaru impreza» автокөлігін тіркеп беремін деп 800 000 теңгесін алғанын көрсеткен. Алайда танысы 4 ай өтсе де түрлі сылтауды айтып не ақшасын қайтармаған, не уәдесін орындамаған. Осыдан соң алаяқтың құрбаны болғанын түсінген ер адам полицейлерден көмек сұрады.

Аталған жайтты сарыағаштық полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары жедел-іздестру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеріп, сұрастырды.

Нәтижесінде полицейлер күдікті азаматты тәулік ішінде анықтады.

Белгілі болғандай, алаяқ жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, түрлі сылтауларды айтып ақшасын бермей уақытын ұзартып жүрген. Осылайша күдікті ер азамат пайдакүнемдік ниетпен, алаяқтық жолмен оңай ақша тапқысы келген. Алаяқ алған ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері алаяқтық әрекеттерін болдырмау үшін, азаматтарға мұқият болуды және күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға артық сенім білдірмеуге кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ортақ міндет – өзара ынтымақ пен бірлікті сақтау
  • Үшқайықтықтар көгілдір отынның игілігін көруде
  • Серпінді жобада серпіліс бар
  • Жұмыссыздарды жұмыспен қамту билік назарында
  • Демеушілер күшімен көп жұмыс атқарылуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер