«Жәрдемақы шығарып беремін» деп алдаған

6.jpg

Түркістан облысының полицейлері мемлекет тарапынан жәрдемақы шығарып беремін деп, алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті  тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын  айтып шағымданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оған танысы мемлекет тарапынан жәрдемақы шығарып беремін деп сеніміне кірген. Алаяқ жәбірленушіден осы үшін 350 мың  теңге ақша алған. Алайда әр нәрсені бір сылтауратып, уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай  тұрғынды әбігерге салған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша  тіркеді.

Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция басқармасында тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдіктінің жеке-басын анықтап, оны ҚПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын  болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәсі  болсаңыз, 102 телефонына  тез арада хабарласыңыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Вице-министр Е. Саденов Түркістанда қызметтік іссапармен болды
  • Бекетте есірткімен ұсталды
  • Көлігінде тапанша сақтаған
  • «Шетелдік көлікті тіркеймін» деген алаяқ ұсталды
  • Малыңыз ұрылардың олжасына айналмасын десеңіз...
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер