Жоғалған азамат Шымкенттен табылды

7.jpg

Түркістан облысының полицейлері жоғалып кеткен орта жастағы ер адамды тауып, отбасына қайтарды.

Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, інісі үйден белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Жақындары жоғалған азаматты іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Аталған жайт Келес АПБ-де бірден тіркеліп, адам жоғалу жайты бойынша қажетті шаралар жүргізілді.

Тәртіп сақшылары ер адамның баруы мүмкін ауыл-аймақты түгел қарап, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер жоғалған ер адамды Шымкент қаласынан тапты.

Анықталғандай, денсаулығында ақауы бар ер азамат Шымкент қаласына барып, көшеде түнеген. Бүгінгі таңда ер азамат дін аман, отбасымен бірге.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бауырының аман-есен табылғанына қуанған тұрғын ризашылығын білдірді. Ол: «Полиция қызметкерлері, қызметтеріңізге рақмет. Халыққа күндіз-түні қызмет етіп жүрген сіздерге алғысымыз шексіз. Жұмыстарың алға баса берсін, тек жақсы күндерде жолығайық» - деп атап өтті.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ортақ міндет – өзара ынтымақ пен бірлікті сақтау
  • Үшқайықтықтар көгілдір отынның игілігін көруде
  • Серпінді жобада серпіліс бар
  • Жұмыссыздарды жұмыспен қамту билік назарында
  • Демеушілер күшімен көп жұмыс атқарылуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер