Абай ауданында тексеріс қызып тұр

Screenshot_11.jpg

Абай ауданы аумағындағы Темірлан тас жолы мен Мангелдин көшесі бойындағы кәсіпкерлік нысандарының карантин талаптарын сақтауы бойынша Абай ауданы әкімдігі және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасы бірлесе мониторинг жасады. 

Тексеру барысында талапты сақтамаған кәсіпкерлерге ескерту беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ескерте кетейік, енді карантин талаптарын сақтамағандар жауапкершілікке тартылады. Жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде, ал бизнес субъектілеріне 230 АЕК немесе одан да жоғары мөлшерде айыппұл салынатын болады.

Бүгінде коронавирус пандемиясы мен пневмония дертінің таралуына байланысты қалада бірқатар іс-шаралар орын алып жатыр. Және тұрғындардың қауіпсіздігі үшін әкімшілік мамандар тынбай жұмыс істеп сақтық шараларын ұлықтап жүр. 

Абай ауданы аумағында 4 шағын аудан орналасқан. 672 көпқабатты тұрғын үй бар. Мұнда тек індеттен сақтану шаралары ғана емес, аудан аумағын көгалдандыру , абаттандыру жұмыстары да орын алып жатыр. Сонымен бірге, үй маңайындағы қоқыс алаңшаларына да көңіл бөлінуде.

Бүгін осы тұрғын үй ауласындағы қоқыс контейнерінің айналасындағы бей-берекет қоқыстарды тазарту жұмыстыры жүргізілді.

Сонымен қатар, қоқыс алаңшаларының айналасы залалсыздандырылып, ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласында спорттық гимнастикадан ашық чемпионаттың ашылу рәсімі өтті
  • Әділетті қоғамға бастайтын маңызды қадам
  • Ата Заңдағы жаңашылдықтар – әділетті қоғамның кепілі
  • Жаңа конституция: Қазақстан халқы – мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі
  • Жаңа конституция: Мемлекеттік тіл мәртебесі – ұлт тұтастығының негізі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер