Баланың жеке тұлғасының дамуында ойындық әрекеттер аса маңызды болып табылады. Оған заттық, дидактикалық, қозғалыстық, театрланған және сюжеттік – рөлдік ойындар кіреді. Ол маңызды компоненттерден тұрады. Ойынды түрлендіру, ойындық әрекеттерді қайта жүргізу үшін мұғалімнің өзі түрлі практикалық әдістерді меңгеруі қажет. Онымен қоса ойын жан- жақты және нақтылы көріністерін береді. Бала жеке іс – әрекеттер мен ережелерді орындауды үйренеді. Сюжеттік – рөлдік ойын барысында балалар шынайы әсер беретін сипаттарды өз бойларына сақтап қалулары керек. Осы ойын ортасында үлкендер де жүреді, оның міндеті жауапты қозғалыстарды бақылайды. Танымдық қабілеттер дегеніміз не? Танымдық іс – әрекет, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық мәселелері жөнінде оқу – әдістемелік, психология — педагогикалық әдебиеттерге ғылыми зерттеулерге шолу жасау барысында танылған жаңашыл педагогикалық бағытты бөліп көрсетуге болады. Ю.К.Бабанский білім беруді оңтайландыру жүйесін ұсынса, М.А.Данилов пен Б.П.Есипов оқушының танымдық міндеттерін шешуде танымдық белсенділікті қалыптастыратын оқыту әдістерінің дидактикалық тұрғыдағы классификациясын жасады. Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл - амалдарынан тұрады.
Ойын тәсілдерінің тиімділігі іс-әрекеті жүйелі, мазмұн сабақтастығын сақтай отырып бірнеше компоненттерін құру;
Балалардың міндетті және мүмкіндік деңгейлерін ескеру.
Ойынның жалпы сюжеті:
Оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекетінің, балалардың өзара қарым – қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықыласпен ынтасын қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді.Зейінді дамыту жаттығулары:
«Керісіншелер елі»
Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру. Жаттығудың жүргізілуі: Балалар шеңбер бойымен отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды.(күн – нүк, көз – зөк, сан - нас) аударылған сөздің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.
«Байқап қал!»
Бұл ойынға екі топтың балалары қатысады, топ басшылары үстел үстіне 15-20 ұсақ нәрселеді (қалам, түрлі ойыншық, кішкене сурет, т.б.) қойып,бетін шүберекпен жабады, екі жағының да топ 21
«Тыйым салынған сөз». Баламен келісіп тыйым салынған сөзді белгілейміз: бір түс (ақ, қара), көлем (үлкен, кішкентай) т.б. Балаға допты беріп, сұрақ қоямыз: «Қардың түсі?», «Тышқан кішкентай, ал піл?». Бала жауабында тыйым сөздерді атап қоймай, толық жауап беруі керек. Тыйым сөздің орнына: «болмайды» деп айтамыз
«Фотограф». Баланың алдына үстелге 7 зат қойылады, мұқият қарап алғасын, бала теріс бұрылады. Осы кезде 1-2 затты алып тастау керек. Не жетіспейді? Немесе көзді жұмып не көргенін айтып беру керек: түрін, пішінін, түсін
«Жылдам есеп». Мен көрсеткен жаттығуды: қолды көтеру, оңға, солға бұрылу, басты бұру т.б. қайталап көрсет, сонымен бірге 1-20 дейін сана
«Бірге ән саламыз». Баланың көңіліне қарай бір әнді бірге айтамыз. Отырғанда дауыстап, тұрғанда – іштен. Қайта-қайта кезектеп
«Құпия хат». Қаламмен ауада әріп жазамыз, фигура саламыз – бала түсініп айтып берсін не жазғаныңызды.
Жалпы білім беретін мектепте арнайы сыныптарда оқитын психикалық дамуы тежелген баланы сыныптастарына теңестңру немесе қатарға қосу барысында жұмыс нәтижелі болу үшін, әр баланың рухани дамуына психологиялық – педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбилеу, өзіне - өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалаптастыру қажет.
Деңгейлеп қарайтын болсақ бірінші деңгейдегі мақсат – ойын үрдісінен рахаттану. Егер ойын балаға қуаныш әкелетін болса, онда бала кез келген белсенділікке дайын болады.
Екінші деңгейдің мақсаты – функционалдық. Ол ойын ережесінің сақталуы, көріністер ойнау, рөлдерді орындаумен байланысты.
ӘЛІП Егемберді Тұрсынбекұлы,
«Балдәурен» РОСО филиалының тәрбие кешенінің директоры.
Түркістан облысы, Төлеби ауданы