Дарын орталығы бірқатар іс-шараларды қашықтықтан өткізді

Screenshot_10.jpg

Елімізде орын алып жатқан індеттерге қарамастан оқушылар мен студенттердің оқуы өз деңгейінде қашықтан аяқталды. Оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен танымдық қызығушылықтарын, IT технологиялармен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру, шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасау, Шымқаламыздың тарихи, мәдени, көрікті жерлерін таныстыру мақсатында «Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» тақырыбында шығармашылық презентация байқауы өткізілді. 

Презентация барысында оқушылар туристер не үшін Шымкентке келуі керек деген сұраққа 20 себебін слайдпен көрсетіп берді. Алайда, үшінші мегаполис мәдени астана атанғанымен биыл ол тұрғыда мәдени-іс шараларды онлайн өткізу жоспарға қойылып, шетінен орындалып жатыр. 

Ең үздік деген жұмыстар дипломадармен марапатталып, Шымкенттегі туристерге арналған ақпараттық дүңгіршекке жолданды. 

Сонымен қатар, 28 маусым күні қаланың 5-6 сынып оқушылары арасында Дарын орталығы сайты (http://daryn-shymkent.kz) арқылы математика пәнінен 150-ге жуық оқушыларды қамтып онлайн-олимпиада өкізді. 

Жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушылар орталықтың олимпиадалық резервіне жинақталады. Дарын орталығының ашылғанына аз уақыт болса да қала оқушыларын өз деңгейінде шығармашылық пен білімге баулып отырған мекеме. Мұнда оқушыларын өзінің білімін жетілдіріп қана қоймай, қай салаға жақын екенін біліп, қабілетін аша түседі. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер