№4 қалалық емханадағы күндізгі стационар жүйелі жұмыс істеуде

Screenshot_12.jpg

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасымен 26 маусымнан бастап №4 қалалық емхана жанынан қосымша 3 мекен жайдан 20 орындық күндізгі стационар ашылды.

Олар: Володарский 11-де - 7 орындық, Терешкова 196-да - 8, Терешкова 2-де - 5 төсек орын. Оның ішінде 5-еуі балаларға апналған. Енді осы мекен-жайларға жақын тұрғындар алысқа бармай-ақ жақын жерде емделе алады.

Жұмыс уақыты 8:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі, жексенбі күндері де жұмыс істейді. Бұл ашылған күндізгі стационарларға Жедел респираторлы вирусты инфекция(J06.8), пневмония (J18.8) белгілерімен келген науқастар кезексіз қабылдып жатыр.

Қазіргі таңда стационарда 8 дәрігер мен 16 медбике 2 ауысыммен жұмыс істеуде. 

Емхана барлық қажетті дәрі-дәрмектермен, залалсыздандыру ерітінділерімен, жеке басты қорғау құралдарымен, пульсоксиметр және оттегі жастықшалары, баллондармен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасымен үйдегі шақыртуларды кезексіз шұғыл түрде қамтамасыз ету мақсатында стационарға автокөлік бөлінді. Учаскелік дәрігерлер тұрғындардан келіп түскен шақыртуларға баруда және диспансерлік есепте тұратындарға тегін дәрі-дәрмектерді үздіксіз жеткізуде.

Айта кетейік, 26 маусымнан бері емханада 67 науқас ем алуда, оның ішінде ЖРВИ - 19, пневмония - 48.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проблема природного газа будет полностью решена
  • Разработан пилотный проект концепции развития спортивной индустрии
  • «Аллея Шамши» приобретет новый облик
  • Для туристов установлено специальные приспособления
  • Готовится крупный проект по устранению недостаточности природного газа
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер