Түсіндірме жұмыстары жалғасуда

Screenshot_3.png

Шымкент қаласы «Әл-Фараби ауданында орналасқан коммерциялық нысандарының иелерімен және халық арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 17 мамырдағы №17 қаулысына сәйкес індеттің таралуына жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстары қарқынды түрде жүруде.

Аталған мониторингтік топ (аудан әкімі аппараты, аудандық полиция және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы) қызметкерлерімен коммерциялық құрылымдарға іріктеп, түсіндіру жұмыстары іске асырылуда. Яғни, санитарлық нормалардың сақталу барысы бақылауда тұр.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласында карантин уақыты 25 мамырға дейін созылғаны белгілі. Алайда карантин режимі біршама жеңілдеген болатын. Бірқатар кәсіпорындар, кәсіпкерлік нысандар мен базар мен сауда орындары қайта жұмысын бастап еді. Сондай-ақ қоамдық көліктер де жолаушы тасымалдауды жалғастырған. Бірақ қайта іске қосылған нысандардың барлығы санитарлыұ талаптарды қатаң сақтауы шарт.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: 2025 жылы инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады
  • Шымкент: Жеті қалаға тікелей халықаралық әуе рейстері іске қосылды
  • В Шымкенте открылись новый коммьюнити-центр и обновленный этномузей
  • Шымкентте жаңа комьюнити-орталық пен жаңартылған этномұражай ашылды
  • Шымкентте Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер