«Жусандықтарға» көмек берілді

Screenshot_4.png

Талайға қуаныш сыйлаған «Жүрек жылуы» шарасы аясында Шымкент қаласына «Жусан» операциясы арқылы келген отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков және «Зекет» қорының өкілі Айбек Азимбаев қатысты.

Шара барысында Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасының ұсынысымен «Жусан» операциясы арқылы елге оралған 12 отбасыға аса қажетті азық-түлік және күнделікті тұрмысқа қажетті заттар үлестірілді.

Айта кетсек, «Жусан» гуманитарлық операциясы - ауқымды акция. Бұл бастаманы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Сириядағы соғыс аймағынан отандастарымызды елге қайтаруға бағытталған кешенді шаралар нәтижесінде Отанымызға 357 бала қайтарылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету «Жусан» операциясының басты мақсаты болды. Елге оралған отандастарымызға бүгінде  жан-жақты қолдаулар көрсетілуде. Әсіресе жат елде сүмдықты көріп келген балаларға мамандар қоғамнан теперіш көрмесін,қатігездікке бой алдырмасын деп оларды патриоттық пен мейірміге баулып, психологиялық көмек көрсетуде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құқықтық қызметтер жаңаруда: бақылау, жауапкершілік, технология
  • Момынов көшесінде жаңа автокөлік өткелі ашылды
  • Трудоустройство, правопорядок, волонтерство: какую помощь оказали молодежи в Астане в 2025 году
  • В Астане прошло велозаезд "Jingle Ride"
  • Шымкентте 21 жастағы қызды өлтіріп кеткен адам іздестірілуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер