Карантин режимі сақталуын бақылауға алды

Screenshot_2.png

Шымкент қаласында карантин уақыты 25 мамырға дейін созылғаны белгілі. Алайда карантин режимі біршама жеңілдеген болатын. Бірқатар кәсіпорындар, кәсіпкерлік нысандар мен базар мен сауда орындары қайта жұмысын бастап еді. Сондай-ақ қоамдық көліктер де жолаушы тасымалдауды жалғастырған. Бірақ қайта іске қосылған нысандардың барлығы санитарлыұ талаптарды қатаң сақтауы шарт.

Карантин режимін бақылау үшін Абай ауданы бойынша жергілікті полиция қызметі, әкімдік мамандары, көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасын бақылау басқармасы мамандары, Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы қызметкерлерімен бірге жұмысшы топ құрылған.

Бүгінгі таңда аудан аумағындағы жұмыс істеп тұрған 132 кәсіпкерлік нысанды жауапты мамандар аралап, олардың 37-не ескерту беріліп, түсініктемелері алынды.

Құрылған жұмысшы топ 4 кіші топқа бөлінген, олар ауданның төрт бағытында жұмыс атқаруда. Жұмысшы топтың бір бөлігі 38 қоғамдық көлікті аралап, анықталған кемшіліктер бойынша 4 автопарк, яғни "Ман Оңтүстік", "Санжар Моторс", "Сигма", "Шымкент Bus" басшыларына ескерту берген.

Карантиндік шараларды сақтау бағытындағы жұмыстар қаламыздағы төрт аудан аумағында күнделікті жалғасады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • С начала года не зарегистрировано лесных и степных пожаров
  • В Шымкенте откроется офис «Правительства для бизнеса - Shymkent INVEST»
  • Проведена проверка качества дорог
  • Общественный транспорт будет работать по 14 новым маршрутам
  • Микрорайона Самал-3 подключают к новой электролинии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер