Мүгедектікті белгілеу сырттай форматта әзірленеді

Screenshot_4.jpg 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының м.у.а. Төрехан Дәуітов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мүгедектікті белгілеу медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне бармай-ақ жүзеге асырылатынын мәлім етті.

Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты әлеуметтік шиеленіс және наразылық жағдайларына жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер алу кезінде табиғи жанасуды болдырмау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне бармай, «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін сырттай форматта алу тетігін әзірледі.

- Қызмет «Электронды үкімет» порталында «Электронды өтініш» сервисі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүзеге асатын болады. Мемлекеттік қызметті алу үшін сіз қажетті құжаттардың сканерленген нұсқасымен қоса тиісті стандартқа сәйкес өтінішті толтыруыңыз қажет және өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет. Одан кейін өтініш сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаментіне жіберіледі. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізілгеннен кейін оның нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға sms-хабарлама арқылы, «Электронды үкімет» порталындағы жеке кабинетке немесе «Электронды өтініш» сервисі арқылы келіп түскен өтінішке жауап түрінде жіберіледі. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезеңінде медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне қайта куәландыруға келмеген азаматтарға өткізіп алған кезеңіне 2020 жылғы 16 ақпаннан бастап мерзімде белгіленетін болады, - деді Төрехан Бекболатұлы.

Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын белгілеуді МӘС бөлімдері «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚРДенсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес куәландырылатын адамды мүгедектік белгіленген күннен бастап алты ай ішінде бақылап тексеріп, бір жылдан аспайтын мерзімге сырттай жүргізеді.

Қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын мерзім ішінде және төтенше жағдай уақытында келген адамдарға мүгедектіктің, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімдері төтенше жағдай орын алған кезеңде автоматты түрде ұзартылады.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайынаәлеуметтік төлем алушылар болып табылатын адамдарға төтенше жағдай кезеңінде төлемдер бұдан бұрын белгіленген мүгедектік тобына және (немесе) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне сәйкес төтенше жағдай режимі аяқталған айды қоса алғанға дейін төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметі 250 мыңнан астам азаматқа оның ішінде алғаш рет 57 мыңға жуық азаматқа көрсетіледі, 2019 жылы 252 мың адам қызметті алды. Бүгінгі күні Қазақстанда мүгедектігі бар 700 мыңға жуық адам тұрады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • «Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
  • Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады
  • Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер