Сауалдар жауапсыз қалмайды

Screenshot_3.jpg

Елде жарияланған төтенше жағдай мен қаладағы карантин көпшілікті сансыз сұрақтардың астына қалдырғаны мәлім. Жұмыссыз қалғандарды төлемақы мазаласа енді бірін қалаға кіріп-шығу жайы толғандырған. Енді бірін дехинфекциялау жұмысы қызытырса тағы біреуін коммуналдық қызметтер дегендей. Төтенше жағдай кезінде қала тұрғындарының сан сауалдарына тұщымды жауап беру мақсатында қала басшылығының шешімімен арнайы Сall-орталық жұмысын бастаған болатын.

39-50-55 нөміріне тіркелген 9 телефонда күнделікті отыратын мамандар 22 наурыз бен 9 сәуір аралығында азаматтардан түскен 8707 қоңырауды тіркеп, сауалдарға жауап берді.

Орталық қызметіне жүргізілген талдау жұмыстары соңғы үш күнде осындағы мамандардың 2224 сауалға жауап бергенін көрсетіп отыр.

Жалпы, бүгінге дейін сall орталыққа әлеуметтік көмек жайлы - 5454, тасымалдау бойынша - 1553, кәсіпкерлік туралы - 722, блок-бекеттер жайлы - 378, коммуналды проблемалармен - 223, карантин бойынша - 128, бетпердеге қатысты - 87, азық-түліктің бағасы туралы - 86, дезинфекциялау мен қашықтан оқыту және өзге де мәселелермен 76 қоңырау шалынған.

Әлеуметтік бағыттағы сұрақтардың артуына орай, қаладағы аудан әкімдіктерінде арнайы мамандар кезекшілігі ұйымдастырылып, орталыққа түскен қоңыраулар бағыттау жүйесіне қосылған. Егер сіздің төтенше жағдайға қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз бар болса орталыққа қоңырау шалсаңыз болады.  мамандар әрбір сұрағыңызға мардымды жауап береді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемнің үздік аспаздары Шымкентте бас қосты
  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер