Ауруды жеңді

Screenshot_5.jpg

Коронавирус әлемге танылған жаңа вирус. Сол себепті адамзат бұл вирусқа төтеп бере алмай келеді. Әйтсе де адам ағзасы түрлі вирустармен күресуге қауқарлы болып келеді. Ол үшін иммунитеттің мықты болғаны абзал. Қазіргі таңда  жер бетінде тәжвирусты жеңген адамдар да табылуда. Осы орайда Шымкент қаласынан да ақжолтай хабар жетті. 

   Қалада қауіпті вирусы бар бір науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер науқастың жағдайы жақсарғанын атап өтті және енді қарқынды терапияны қажет етпейді деп санайды.

Жалпы Қазақстан Республикасында барлығы 6 пациент реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды: Алматы қаласында - 2 адам, Қарағанды облысында - 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте 8 сәуірде – 3, 9 сәуірде – 4 жағдай тіркелді.

Бұл науқастардың барлығы вирус анықталған 48 жасар азаматша мен 26 жасар азаматтың тығыз байланыста болғандар.

Аталған науқастар стационарлық карантинде медициналық қызметкерлердің бақылауында болған. Инфекцияны анықтау бойынша жүргізілген зертханалық тексеруден COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсетті. Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, барлығына бекітілген хаттамаларға сәйкес қажетті ем жүргізілуде.

Ауруға шалдыққандар арасында: 2 және 14 жастағы 2 бала мен 23-55 жас аралығындағы 5 адам бар. Осы азаматтармен байланыста болған 81 адам оқшауланып, медициналық бақылауға алынды.

Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, карантинге жабылды.

Шымкент қаласы бойынша қосымша 3 ошақ тіркелді. Олар: «Солтүстік-Батыс» шағынауданындағы Үшқиян көшесі, «Қайтпас-1» шағынауданындағы Алтай көшесі және Сайрам тұрғын алабындағы Әл-Фараби көшесі.

Қазіргі таңда, Шымкент қаласында жалпы коронавирус инфекциясына шалдыққан 27 жағдай тіркелген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Халықтық бақылау – түбіртекті талап ет!
  • Нұротандықтар балаларға қуаныш сыйлады
  • В Шымкенте стали меньше разводиться благодаря семейному совету
  • Конный патруль появится в Шымкенте
  • ​В Шымкенте женщина, инфицированная коронавирусом, родила здорового ребенка
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер