Жарық берілуде

Screenshot_2.jpg

Көктемі шуақты Шымкент шаһарына сәуірдің басында қар жауды. Ақ ұлпаның жерге түскені қалалықтар үшін күтпеген жағдай болды. Себебі бұл мезгілде шаһарда қызғалдақтар гүл ашып, жеміс ағаштары бүр жарып қалушы еді.  Ауа-райының тосын мінезі салдарынан  қала аумағында көптеген ағаш құлап, электр желілері үзілді. Нақтырақ айтқанда жүзге жуық ағаш құлап, 30-дан астам автокөлік зақымдаған. Салдарынан сегіз мыңға жуық абонент электр жарығынсыз қалды. 

Салаға жауапты мамандар қолайсыздықты дереу түзетуге кірісті. Төтенше жағдайдың зардабын жоюға қаладағы коммуналды қызметтер мен төтенше жағдайлар департаментінің 111 техникасы мен жеке құрамнан 600 адам, сондай-ақ «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның 24 апатты қалпына келтіру бригадасы жұмылдырылды. Коммуналды қызметкерлер көшені құлаған ағаштардан тазартса, «Оңтүстік Жарық Транзиттің» мамандары қаланы жарықтандыруға кірісті. 

Жарты күн ішіндегі жағдай бойынша 5800 абонент авариялық қызметтердің көмегімен қайта электр жүйесіне қосылды. Қалған 12 нүктедегі 2200 абонентке электр қуатын беру жұмыстары жалғасуда деген мамандар тұрғындарға болған жағдайға түсіністікпен қарауға, жарық бәріне берілетінін айтуда. 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер