Депутат пандемияның алдын-алуға шақырды

Screenshot_19.jpg

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Нұрғазы Бұхарбай жерлестеріне жігер беріп, азаматтарды пандемияның алдын-алуға шақырды. Елбасының Үндеуіне үн қосқан депутат біздің күшіміз бірлікте дейді. 

«Әлем мемлекеттері қатерлі дертке бірлесе дауа іздеп, бүгінгі заманның бар күш-қуатын, ақыл-ойы мен ғылым-білімінің жетістігін ортақ мақсат жолына бірлесе жұмылдырып, ынтымақтаса әрекет етуде. Біздің елімізде де тиісті сақтандыру шаралары жасалды. Мемлекеттік органдар арнаулы дайындықтан өткізілді. Соның нәтижесінде індеттің етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол берілмей, ахуал күн сайын тұрақты назарда ұсталып отыр. Жағдайды оңалту үшін көп жұмыс істелді, әлі де талай шаруа атқарылатын болады. Игі мақсаттағы іс-шаралардың бәріне жер-жерлерде бүкіл халық болып қолдау көрсеткеніміз жөн.

Елбасы өз үндеуінде халыққа үлкен сенім білдірді. Бізде осы үндеуге қолдау білдіріп, пандемияның алдын алуға атсалысудамыз. Қазір студенттеріміз қашықтықтан оқып, ұстаздарымыз үйде отырып онлайн-сабақ беруде. Дәл осылай алдын алу шараларын қатаң ұстансақ, әлемді алаңдатқан індетті артқа тастарымыз сөзсіз. Біз біргеміз!»


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • «Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
  • Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады
  • Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер