Елордаға 3 тонна антисептик жіберілді

Screenshot_16.jpg

Елімізде орын алған төтенше жағдай барлық қазақстандықтарды алаңдатып отырғаны белгілі. Осы тұста үшінші мегаполис бірлікті насихаттап, «НПО ASEM» зауыты Нұр-Сұлтан қаласына 3 тонна антисептик жіберді. 

Қазақстанда тәжді індет тіркелген уақыттан бастап Шымкентте медициналық бетперде мен антисептик өнімдер өндірісінің көлемі ұлғайды. Себебі сол бағыттағы зауыттардың өніміне жергілікті жерден бөлек, Нұр-Сұлтан қаласы, Түркістан, Ақтөбе, Маңғыстау және т.б облыстардан сұраныс артқан.

3 тонна антисептик өнімін жолдаған Шымкенттегі «НПО ASEM» зауытының басшылығы бұл өнімді елорда тұрғындарына көмек ретінде жөнелтті. «НПО ASEM» зауытында қазіргі таңда 30 жұмысшы екі ауысымда еңбек етуде. Өндіріс орны тәулігіне 6 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Егер сұраныс көлемі қазіргіден де арта түссе, өндіріс орны өнім көлемін тәулігіне 10 тоннаға дейін жеткізетін болады. Бұл үшін қосымша резервте тұрған тағы 10 адам жұмысқа тартылатын болады.

Бұған дейін «НПО ASEM» зауыты бір тәулікте 1,5 тоннаға дейін тазарту сұйықтықтарын шығаратын. Кәсіпорын директоры Мұхит Асановтың мәлімдеуінше, зауытқа шикізат Бельгиядан, Ресейден тасымалдануда. Өнімдері сапасы жағынан елімізде көш бастап тұр. Бағасы қолжетімді.

Шымкенттен елордаға көмек ретінде антисептик өнімдермен қатар 50 мың дана маска жіберілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте открылись новый коммьюнити-центр и обновленный этномузей
  • Шымкентте жаңа комьюнити-орталық пен жаңартылған этномұражай ашылды
  • Шымкентте Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті
  • В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии
  • Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер