Шымкенттік имамдар дұға жасады

Screenshot_15.jpg

Қазіргі таңда короновирус індетінің әсерінен халық көп жиналатын орындаоға тыйым салынған. Тіпті мешіттерде жұма намаздары уақытша тоқтатылып, адамдар құошылықты үйде жасайтын болған. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Шымкент орталық мешітінде әлемде дүрбелең тудырған СOVID-19 жұқпалы індетіне қатысты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жасаған үндеуін жүзеге асыру мақсатында өңірдегі мешіттерде Құран хатым етіліп, халқымыздың амандығы мен елдің тыныштығы үшін дұға жасалды. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев, Қайрат Ерғазиев, Ахметжан Керімбек, Жансейт, Кәлімжан қары Садықов, Мұхамеджан Естеміров және Абай, әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының бас имамдары мен басқа да белгілі ұстаздар қатысты. 

Қазіргі таңда имамдар жұма намаздарын өткізбегендіктен бар амалы ел амандығын Алладан сұрап, дұға тілеуде болып отыр. Халық арасында дүрбелеңді бәсеңдету үшін бүгінде әлеуметтік желілерде бірқатар сүрелер мен дұғалар тарап жүр. 

Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша 106 мешіттегі имамдар, қари-хафыздар үздіксіз Құран оқып, 30 рет Құран хатым етіп, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға-тілек жасауда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер