Әл-Фараби алаңы мен Арбат дезинфекцияланды

Screenshot_17.jpg

Шымкент шаһарында адам көп шоғырланған жер – Әл-Фараби алаңы және Арбат демалыс саябағы. Адамдар демалыс уақыттарын көбіне арбатта өткізеді. Қазіргі таңда короновирус пандемиясына қатысты қаладағы бірқатар демалыс орындары мен саябақтар жабылып, адамның көп жиналмауын қадағалауда. Осы орайда, қаланың түкпір-түкпіріне дезинфекция жұмыстары жүріп жатыр.  

Шымкентте Әл-Фараби алаңы мен Арбатта дезинфекция жасалды. Төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы бірқатар нысандарда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. 

Атап айтқанда, Әл-Фараби алаңы, Орыс драма театрының маңайы және Арбат демалыс аймағында сақтық шаралары күшейтілді. Жалпы, қалада медицина мамандары коронавирустың алдын алу мақсатында күшейтілген жұмыс режимде жұмыс істеуде. Дәрігерлер қаладағы ХҚКО-ның 11 бөлімшесінде кезекшілікке түсіп, орталыққа келген азаматтарға медициналық көмек көрсетуде. Мұнда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қызмет талабына сай жүргізілуде.

Шаһардағы басқа да профилактикалық шаралар қатаңдатылған. Бүгін Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 12 санитарлық бекет қойылды. Қазіргі таңда Шымкенттегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Мамандар әр көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексеруде. Бұл өзге де қала аумағына енбейтін жерлерден келген адамдардан қандай да бір белгілер табылса, барынша карантиндік талаптарға бағындырып, қаланы оқшаулау бойынша атқарылған іс. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте открылись новый коммьюнити-центр и обновленный этномузей
  • Шымкентте жаңа комьюнити-орталық пен жаңартылған этномұражай ашылды
  • Шымкентте Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті
  • В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии
  • Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер