Тегін оқытып, шәкіртақы береді

Screenshot_8.jpg

Ниеттенген адамға екі қолға бір күрек табылары анық. Еліміздегі үшінші мегаполисте жұмыссыздық мәселесі оңынан шешім тауып келеді. Себебі азаматтарға тегін білім беріп, кәсіп үйрету жағы жақсы жолға қойылған. Жұмыссыздықтың басты себебі мамандық пен дипломның болмауы. Ал кәсіп меңгерген адамның жерде қалмайтыны анық.

 Осы орайда  Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде биыл 2000-нан астам азаматты оқуға жолдауды жоспарлап отыр. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту топтардың жинақталуына қарай жүзеге асырылады. Қатысушылар қалалық жұмыспен қамту орталығына келіп, тиісті Заңнамаға сәйкес бірқатар  құжаттарды тапсыруы қажет. Мамандардың мәліметінше оқу мерзімі 3 ай (1 ай теория, 2 ай тәжірибе), оқуға жолданған азаматтарға ай сайын 16 759 теңге шәкіртақы қарастырылған.

2020 жылы сәуір айында мыңға тарта азаматты оқуға жолдау жоспарлануда. Ендеше сіз де кәсіп игеріп, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесіңізді қосыңыз!  Айта кетейік, «Еңбек» бағдарламасының басты мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер