«Цифрлық агент» қосымшасы іске қосылды

Screenshot_9.jpg

Қала әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс жасауын азайту, жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында негізсіз қалу деректеріне жол бермеу бойынша тиісті іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл туралы  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшылығы БАҚ өкілдеріне берген брифингте Департамент басшысы Әли Көмекбаев мәлімдеді. « Қабылданған іс-шаралардың бәрі де мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруды көздейді. Бүгінде қызмет көрсету сапасына қатысты бірқатар сын айтылуда. Бұл туралы Қоғамдық кеңесте де кеңірек талқыладық. 2019 жылы «Зор Рух» қайырымдылық қоры мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді. Оның нәтижесінде қаладағы қызмет көрсету мекемелерінің қызметкерлеріне де қатысты бірқатар сындар бар. Енді осы бағытта жұмыс істеуіміз керек», – деді департамент басшысы.

Саладағы тағы бір тың жаңалық – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау бойынша «Цифрлық агент» (Digital agent) мобилді қосымшасын іске қосты. Кез келген азамат мобилдік қосымша арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын, сыпайылық пен қызметкердің кәсіби этикасын бағалай алады. Келіп түскен шағымдарға департамент тарапынан жедел назар аударылып, сапалы қарауын қадағалап, 5 минуттың ішінде кері байланыс орнатылады.

Сондай-ақ, жиында мемлекеттік қызметкерлерді жоғарылатуда меритократия ұстанымы, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу және т.б, мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер