Жаңа ғимаратқа көшті

Screenshot_7.jpg

Шымкенттегі мамандандырылған №2 халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа ғимартқа көшті. Жаңа ғимарат алдыңғысына қарағанда кең әрі азаматтарға сапалы қызмет көрсету үшін барлық жағдай қарастырылған.  «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабековтың айтуынша, автоХҚО-ға келетін азаматтар жүктемесінің және ағымының көбеюіне байланысты жаңа ғимаратқа көшу қажеттілігі туындаған.

– Біз мемлекеттік қызметтердің көрсетілу реті бойынша тұрақты талдау жасап, азаматтардың ыңғайлылығы үшін ХҚО аумағын кеңейту қажет деген қорытындыға келдік. Жаңа мамандандырылған ХҚО-да 48 инспектор жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды қабылдау және беру үшін 27 жұмыс орны бар. 1500 ш.м. аймақта орналасқан автоХҚО-да, сондай-ақ, 300 көлікке арналған автотұрақ қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус және шақыру батырмасы жұмыс істейді, - деді Д.Исабеков.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында автокөлік құралының тіркеуін және қайта тіркеуін жүргізуге және жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте қазіргі уақытта үш мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Биылғы екі айда онда 14 089 жүргізуші куәлігі беріліп, 67 489 автокөлік қайта тіркелген.  Тынысы кеңейген су жаңа ғимарат ташкент айналма жолында орналасқан. Енді мамандар азаматтарға кезек күтпей, уақытылы, қолжетімді қызмет көрсете  салады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер