Түркістанға - 3000 жыл


14..jpg

Түркістанның төрінде өткен түркі мемлекеттері БАҚ басшыларының форумында белгілі тарихшы  Бауыржан Байтанаев киелі Түркістан қаласының тарихы кемінде осыдан 3 мың жыл бұрын бастау алатынын мәлім етті. Б.Байтанаев бұған дейін көне Шымкент, Сайрам қалаларында қазба жұмыстарын жүргізіп, Шымкентке 2200 жыл екенін ғылыми түрде дәлелдеп шыққан болатын. Осы мәлімдемеден кейін Түркістан қаласының әкімі рашид Аюпов өзінің фейсбуктегі парақшасында:

-   Жылдар бойы киелі шаһарымыздың терең тарихын зерттеу мақсатында 2020 жылы бірнеше сала мамандары стратигоафиялық жұмыс атқарып жүргенін баршаңыз білесіздер. 

Осы тынымсыз жұмыстың, ертеректе қолға алынуы мүмкін болмаған жаңашыл зерттеулердің арқасында Түркістан қаласы тарихы кем дегенде үш мың жыл бұрын бастау алғанын дәлелдейтін бұйымдар табылды. Бұл жайлы Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институты директоры, академик, тарих ғылымдары докторы Б. А. Байтанаев тарихи-мәдени тұжырымдамасында мәлім етті. Енді, бұл, сонау қола заманында қаланған қалашық тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі жайлы ақпар алып, тарихымыздың бұдан бұрын белгісіз болған жерлерін зерттей түсуге сеп бермек. 

Жаңарған Түркістанымыз дүниежүзінің көңілін өзіне аудартар тағы бір жақсы жаңалықпен бөлісе, аманатты сақтап қалу бұйыруын тілеймін!-деп жазды. 

Бұған дейін Түркістан қаласының тарихын ғалымдар 1500-2000 жыл деп есептеп келген болатын. 2000 жылы қаланың 1500 жылдық тойы атап өтілген. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда жас ақындар мүшәйрасы өтті
  • Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті
  • Қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда
  • Сайрам ауданында жаңа шағынауданның құрылысы басталды
  • Ясауи кесенесіндегі қабірхана бөлмесі есігінің құпиясы ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер