Кеден бекеттеріндегі тепловизорлар коронавирус белгілерін анықтаған жоқ

WhatsApp Image 2020-03-07 at 15.12.42 (2).jpeg

Түркістан облысының кеден бекеттеріндегі тепловизорлар қызуы көтерілген адамды 15 метрден анықтайды. Дегенмен, 31 қаңтар мен 6 наурыз аралығында өткізу бекеттерінде 619 мың 320 адамның ешқайсысынан дене қызуы көтерілуі анықталған жоқ. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігі облыстық Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің кеден бекеттерінде төтенше жағдайдың жаңа деңгейінің жариялануына (коронавирус) байланысты жоғары деңгейдегі сақтық шаралары қабылданды. Атап айтқанда, барлық қызметкерлер бір реттік медициналық маскалармен қамтамасыз етілген. Барлық өткізу пункттерінде санитариялық бақылауды күшейту мақсатында бекеттерге жергілікті аудандық санитариялық бақылау мамандары жұмылдырылып, мамандар тәулік бойы қызмет атқаруда.

Сонымен қатар, әр өткізу пункттерде адамдардың дене қызуын қашықтықтан өлшейтін 3 дана құрылғы (тепловизор) жұмыс істеуде. Жалпы облыстағы барлық өткізу пункттерінде 15 дана тепловизорлық бейнекамера және қосымша 3 дана қолмен өлшеу құрылғысы бар. Бұл «Karina.R.KZ» деп аталатын жүйе толығымен автоматтандырылған. Дене қызуы көтеріңкі азаматтарды 15 метр қашықтықтан бірден анықтайды. Оны маман арнайы экраннан толық қадағалап отырады. 

Егер де жеке тұлғадан дене қызуы анықталған жағдайда, тепловизорлық камерелар дабыл беріп, шара қабылдау үшін медицина қызметкерлеріне дереу хабарланады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында коронавирус жұқтырған азаматтар қай аудандардан екені белгілі болды
  • «Қызметіне толық сәйкес емес» Ибрагимов Шөкеевті ұятқа қалдырды
  • Кеден бекеттеріндегі тепловизорлар коронавирус белгілерін анықтаған жоқ
  • Түркістанда жұмысшылардың тапшылығы мен қағазбастылықтан құрылыстар кешігіп жатыр
  • Бір жылда 1 млрд. 200 млн. теңге айыппұл өндірді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер