Түркістан облысында көліктер саны 400 мыңнан асты

далбеков.jpg

Түркістан облысында көлік саны 15 мыңға көбейді. Бұл туралы облыстың Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков бүгін ел алдындағы есебінде айтты деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігінің Түркістан қаласындағы тілшісі.

– Жол апаты оқиғаларының азаймауына бірінші себеп көлік басқарушылардың жылдамдықты асырып, жол ережесін бұзып қателіктерге жол беруі болса, екінші себеп қараусыз малдардың жол бойына шығып кетіп, жол қозғалысына кедергі келтіруі. Үшінші себеп ретінде облыс орталығы болғандықтан адам мен көлік санының артуын айтуға болады. Статистикаға сүйенер болсақ, облыстың өзінде 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы көлік саны 15 мың 121-ге көбейген.  Яғни, 391 мың 177-ден 406 мың 298-ге жетті. Төртіншіден, 4-ші себеп полиция тарапынан қаншама қызметкерлерді профилактикалық жұмыстарға жұмылдырсақ та заңды бұзатын жүргізушілер саны азаяр емес. Сондықтан біз профилактикалық іс-шаралар санын бұдан әрі қарай да көбейте түсетін боламыз, – деді департамент бастығы. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда жас ақындар мүшәйрасы өтті
  • Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті
  • Қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда
  • Сайрам ауданында жаңа шағынауданның құрылысы басталды
  • Ясауи кесенесіндегі қабірхана бөлмесі есігінің құпиясы ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер