Түркістан облысында Құдайдың үйін салу үшін Дүйсебековтің рұқсаты керек

бактыбай.jpg

Мешіт, ғибадат үйлерін салу үшін Сәулет және қала құрылысы басқармасынан рұқсат алу қажет. Бұл туралы бүгін Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде аталған облыстық басқарманың басшысы міндетін атқарушы Бақтыбай Дүйсебеков мәлімдеді.

– 2019 жылы біз бір мешітті салуға рұқсат бердік. Өкінішке қарай, бүгінде азаматтар аудандарда, қалаларда бізден рұқсат алмай мешіттер құрылысын жүргізіп жатыр. Облыс бойынша шамамен 20 шақты. Ғибадат үйлерінне қойылатын стандарттарға сай талаптар бар. Ертең қабылдау актілерін алған кезде, құжаттандырғанда солар үлкен проблема бола ма деп отырмын. Сондықтан орай келіп тұрғанда сіздер арқылы бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен хабарлап, оларды басқармаға келіп, тиісті құжаттарын өткізіп, заңдастыруға шақырамын. Дегенмен, оларға Қоғамдық даму басқармасының дін мамандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құжаттарын заңдастырмаса болмайды, – деді Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы міндетін атқарушы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында коронавирус жұқтырған азаматтар қай аудандардан екені белгілі болды
  • «Қызметіне толық сәйкес емес» Ибрагимов Шөкеевті ұятқа қалдырды
  • Кеден бекеттеріндегі тепловизорлар коронавирус белгілерін анықтаған жоқ
  • Түркістанда жұмысшылардың тапшылығы мен қағазбастылықтан құрылыстар кешігіп жатыр
  • Бір жылда 1 млрд. 200 млн. теңге айыппұл өндірді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер