Келес ауданының әкімі өтірігін мойындады

Есбаев.jpg

Түркістан облысының Келес ауданындағы Бірлесу, Жүзімдік ауыл округтерінің тұрғындары кімге сенерін білмей жүр. Өйткені ауылдарында жеті жыл бұрын жүргізілген газ құбырлары үйлеріне келіп тұрса да таяқ тастам жердегі көгілдір отынның қызығын көре алмай келеді. Бұл туралы бүгін аудан әкімнің есебін тыңдауға мектепке жиналған жұрт ашынып айтты деп хабарлайды rgmedia.rz ақпараттық агенттігнің тілшісі.

– Бізде газ мәселесі қайтадан. Қарақұлов (Жүзімдік ауыл округінің әкімі – ред.) жиналыс жасады, 30-ына (қаңтар – ред.). Бір аптада болады деп кетті. Сіз 1-наурызға деп тұрсыз. Енді кімге сенерімізді білмей қалдық. Бір жиналыс жасағанымызда 15 күннен кейін болады деп кеттіңіз. Одан кейін 23-желтоқсанда сіздің алдыңызда болдық. Жаңа жылда болады дедіңіз. Біз тура кішкентай бала құсап қалдық қой, балабақшадағы. Әні болады, міне болады... Мақұл, сеніп отырмыз. Оған да сеніп отырмыз. Енді тоқетері газ болады ма, болмайды ма? – деп сұрады Гүлжамал Кәлкенова.

каукенова.jpg

Бұл екі күннен бері ауыл аралап есеп беріп жүрген Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев үшін де қиын сұрақ болып шықты. Өйткені газ туралы уәденің орындалуы бұдан да қиын екен.

– Өздеріңізді көрген сайын айтам, уәде береміз, бірақ, өтірікші болып қалып жатырмыз, – деп Ақментай Үсенұлы ағынан жарылды. Ол бүгін азанда Қазақстан ауылының (Бірлесу ауыл округі – ред.) адамдарымен кездескенде де осылай өтірікші болғанын жеткізген.

Әкімнің айтуынша, газ беру мәселесі аудан басшылығына қатысты емес. Бар мәселе жоғарыда – Үкіметтік деңгейде шешілмей жатыр. Ал оның айтып жүрген өтіріктері «Қазтрансгаздың» облыстағы басшыларының сөздері екен. Яғни, халқы әкіміне, Есбаев «Қазтрансгаздың» басшыларына сеніп жүр. Дегенмен, аудан басшысы бұл жолы «1-наурызға дейін газ беру туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бар» деп құтылды. Тапсырманы «Қазтрансгаз» орындай ма, жоқ па, уақыт көрсетеді. Бірақ, бұл газ туралы әңгіменің бергі жағы ғана сияқты.

– Газетке шығардыңыздар, Жүзімдікте газ берілді деп. Телевидениеге шығардыңыздар, газ берілді деп. Ал, біз бір жылдан бері газсыз отырмыз. Ақшамызды төлеп, бар жағдайды істеп, – деді әкімнің қай сөзіне сенерін білмеген зейнеткер ақтарылып.

Селтанов.jpg

Айтпақшы, Келес аудандық мәслихатының депутаты Сапарәлі Селтанов та сайлаушыларынан қатты ұялып жүр. Ол мұнысын әкімге назын білдіргендей жеткізді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанның туризм әлеуеті Самарқанда таныстырылуда
  • Түркістан мектептерінде "Ясауитану" пәні оқытылмақ
  • Анасы өлтірген болуы мүмкін марқұм балалардың бірі ұл, біреуі қыз
  • Тасада тұрған «диспетчерлер» кімдер? Леңгірде көше атауының дауы 5 жылдан бері созылып келеді
  • Базардан кітапхана ашылды. Түркістанда тың бастама қолға алынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер