Жанармай құю бекетінің қызметшісін қорқытқан күдіктілер ұсталды

сары.jpg

  Түркістан облысы полицейлері жанармай құйдыртып, қорқыту әдісімен ақысын төлемей кеткен күдіктілерді ұстады. Сарыағаш ауданында орын алған оқиға былай өрбіген. Жылға-Сарыағаш тас жолының бойында орналасқан жанармай құю бекетіне шамамен  түнгі сағат 1:50-лерде жас жігіттер келіп, көліктеріне 2000 теңгеге жанармай құйдыртады. Содан соң жұмысшы төлемақысын сұрағанда, күдіктілер қорқытып, қашып кеткен.

  Бұл туралы жәбірленуші Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне келіп мәлім еткен.
 Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 191-бабы "Тонау" бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған.
Полицейлер хабар алысымен күдіктілерді ұстау мақсатында әрекетке көшеді. Оқиға орнына келіп, куәгерлерден сұрастырып, барлық қажетті іс-шараларды жүргізіп,  күдіктілерге іздеу салады.

 Осылайша Сарыағаш АПБ-нің ЖПҚ УПИ полиция капитандары Н.Құдайбергенов, А.Уәлиев және полиция майоры Б.Қожабековтер жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде, кешкі сағат 17:00-лер шамасында күдіктілер ұсталған. 

 Тергеу барысында күдікті жас жігіттердің екеуі де жергілікті тұрғындар екені анықталды. Қазіргі таңда, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тәртіп сақшылары жүргізген тергеу нәтижесінде Сарыағаштан ауылдарына қайтып келе жатқан олар, жанармайлары таусылған соң, нөмірлерін шешіп, аталған май құю бекетіне келген соң жұмысшыға май құйдыртып алып, қызметкерді қорқытып, қаша жөнелген.

 Түркістан облысы полицейлері түнгі уақытта жұмыс жасайтын жанармай бекеттеріне сауда орындарын жарықтандырып, дабылқаққыш пен бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанның туризм әлеуеті Самарқанда таныстырылуда
  • Түркістан мектептерінде "Ясауитану" пәні оқытылмақ
  • Анасы өлтірген болуы мүмкін марқұм балалардың бірі ұл, біреуі қыз
  • Тасада тұрған «диспетчерлер» кімдер? Леңгірде көше атауының дауы 5 жылдан бері созылып келеді
  • Базардан кітапхана ашылды. Түркістанда тың бастама қолға алынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер