Әкімдердің рейтингісі инвестициямен өлшенбейді

b477ad4d47984b4cdb65c946165b5988.jpg

Мейіржан Мырзалиев алдады ма, алданды ма?

«Инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестицияларды тарту Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған негізгі міндеттер болып табылады». Бірақ, дәл осылай деген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев аудан, қала әкімдерінің жұмысын тартқан инвестициясының көлемімен бағалағысы келмейді. Тіпті ол rgmedia.kz ақпараттық порталы тілшісінің «қай әкім қанша инвестиция тартты?» деген сұрағына да нақты жауап бере алмады.

– Бір әкімнің инвестиция тартуы төмен болғанымен халықпен жұмыс жасауы дұрыс шығар. Бұған қарап бір ауданды жақсы, бір ауданды жаман деген дұрыс болмайды. Мен сізге мына әкім мұнша инвестиция тартты деп бөліп-жарып айта алмаймын. Бұл бәріміздің жалпы жетістігіміз. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының тапсырмасымен бәріміз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыс жасап жатырмыз, Барлық аудан жұмыс жасады, – деді облыстың инвестициялар және экспорт, туризм, табиғат қорғау салаларында өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, баспасөз жиынын өткізген Мейіржан Иябайұлы. 

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, «2018 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда облыс инвестициялардың өсу қарқыны бойынша республика деңгейінде 14-орыннан 2-орынға көтерілді». Ал, былтыр 15-ақпанда 2018 жылды қорытындылаған Түркістан облысының тұңғыш әкімі Жансейіт Түймебаев бір ғана ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестициямен-ақ «Республика бойынша облыс 4-орында» деген болатын. Оның алдыңғы жылы (2017) «облыс экономикасына 482 млрд. теңге (М.Мырзалиевтың мәліметінде 2019 жылы облысымызға тартылған инвестициялар 442 млрд. теңгені құрады – автор) инвестиция бағытталып, бұл көрсеткішпен облыс республикада алдыңғы орында» еді. Енді Мырзалиевтің басшысы Шөкеевтің облысты қай рейтингідегі 14-орыннан 2-орынға бір-ақ шығарғанын айтқанынан түсініп көріңіз... Түймебаев Түркістан облысында 2018 жылы 800-ден аса жұмыс орны құрылды деген. Мырзалиев 2019 жылы 800-ден астам жұмыс орны ашылды деп отыр. Бұрынғы әкім «облыстың инвестициялық әлеуетін ұлғайту мақсатында «TURKESTAN INVEST» компаниясы құрылды» деп еді, бүгінгі орынбасар «өңірге сапалы инвесторларды тарту мен экспортты дамыту бойынша заман талабына сай «TURKESTAN INVEST» агенттігін құрдық» дейді... Арасы – бір жыл. Сонда ол алдады ма, алданды ма?


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанның туризм әлеуеті Самарқанда таныстырылуда
  • Түркістан мектептерінде "Ясауитану" пәні оқытылмақ
  • Анасы өлтірген болуы мүмкін марқұм балалардың бірі ұл, біреуі қыз
  • Тасада тұрған «диспетчерлер» кімдер? Леңгірде көше атауының дауы 5 жылдан бері созылып келеді
  • Базардан кітапхана ашылды. Түркістанда тың бастама қолға алынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер