Баласы үшін ата-анасы жауапқа тартылды

82227529_807515863057437_3037641943950557184_n.jpg

Түркістан облысының Полиция департаменті бес күнде бетімен кеткен 500 баланы анықтады. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 6-10 қаңтар аралығында жүргізілген «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысында балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамаған – 22, түнгі уақытта перзенттерін қараусыз қалдырған 357 ата-ана жауапқа тартылды. Бұл туралы бүгін аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Облыс бойынша бес тәулікте ішкі істер органдарына кәмелет жасына толмаған 574 жасөспірім жеткізілген. Оның үшеуі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылса, 457-сі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. 89 жасөспірім ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынды. Бұлардың 54-і құқық бұзған. Ал қалған қолайсыз отбасыларда өскен 35 жеткіншектің құжаттары кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданыпты. 

Жасөспірімдердің сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болуына жол берген 13 ойын-сауық орындарының иелеріне және кәмелет жасына толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүргені үшін 34 ата-анаға заң аясында шара көрілді. Сонымен қатар, жеткіншектерге темекі өнімдерін сатқан – 10, алкоголь сусындарын саудалаған 12 адам жазаланды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанның туризм әлеуеті Самарқанда таныстырылуда
  • Түркістан мектептерінде "Ясауитану" пәні оқытылмақ
  • Анасы өлтірген болуы мүмкін марқұм балалардың бірі ұл, біреуі қыз
  • Тасада тұрған «диспетчерлер» кімдер? Леңгірде көше атауының дауы 5 жылдан бері созылып келеді
  • Базардан кітапхана ашылды. Түркістанда тың бастама қолға алынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер