Индустриалды жобалар тиімді жүзеге асуда

 Screenshot_7.jpg

Созақ ауданында үдемелі индустриялық инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар жобалар жүзеге асуда. Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы тізіміне жалпы құны 19 млрд. 534,6 млн.теңге болатын 6 жоба енгізілген. Оның ішінде жалпы құны 951, 6 млн. Теңге, 4 жоба жүзеге асырылған. Жобалардың барлығы дерлік ауданның индустриалды аймағында орналасқан.

      Аудан әкімі Салыхан Полатов жауапты мекемелерге индустриалды аймақтағы нысандардың құрылысын мезгілінде аяқтауды, барлық жұмыстың сапалы атқарылуын тапсырған болатын. Осы орайда бірқатар нысандардың құрылысы жандана түсіп, биыл кезеңімен іске қосу жоспарланған. Мысалы, 83 млн. теңгені құрайтын «Тағай ата» ЖШС-нің тұз өңдеу (иодталған ас тұзын, жемдік тұз, техникалық тұз) жобасы инвестициялық мәселелерге  байланысты өткен жылы тек жемдік тұз шығару цехын іcке қосылған болатын.  Ендігі кезекте, осы жылдың қараша айына дейін йодталған ас тұзын шығаратын қондырғыларды орнатып, ас тұзын шығару қолға алынып отыр. Қазіргі таңда «Банк Центр Кредит» екінші дәрежелі банктен 60 млн. теңге несие алуға құжаттары өткізіліп, қаралуда. Ал «Теріскей» ЖШС-нің «асыл металл өндіру» жобасын 2020 жылы іске асыру жоспарланған. Жобаның құны - 18 млрд. 500 млн.теңге. Зауыт іске қосылса 400 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады. Қазіргі кезде барлау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта, өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына «Созақ фосфат» ЖШС-інің жалпы құны  200 млн. АҚШ долларын құрайтын «минералды тыңайтқыштар өндіру» жобасын енгізу жоспарлануда. 

Сондай-ақ, Созақ ауданында маусым айында қазығы қағылған күн электр станциясының жобасы жыл соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде. «ЮКСЭС-50» ЖШС-інің күн - электро станциясын салу жобасының құны 50 млн. АҚШ долларын құрайды. Қазіргі таңда, жобаны жүзеге асыруға 125 гектар жер телімі беріліп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде, құрылыс нысанында 200 жуық адам маусымдық жұмыстарды атқаруда. Жоба толық іске қосылған соң 30 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады. 


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Индустриалды жобалар тиімді жүзеге асуда