Егізбаевтың еңбегіне Премьер-министр жоғары баға берді

мамин егизбаев 3.jpg

Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың еңбегін жоғары бағалады. Үкімет басшысы мұндай ризашылығын Түркістан облысына жасаған сапарында білдірді.

Күрделі жөндеуден өткен Арыс қалалық орталық ауруханасының жұмысымен танысқан Асқар Ұзақбайұлы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Кеңесбекұлы мен аурухана қызметкерлерінің жұмысына жоғары бағасын беріп, ризашылығын білдірді және алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Күрделі жөндеуден кейін жаңарған емдеу мекемесіндегі жұмыстардың сапасына аса мән берген Үкімет басшысы аурухананың медициналық қондырғылармен толық жабдықталғанын тілге тиек етті. Қарқынды да қажырлы еңбектің арқасында аяқталған ауқымды істің халық игілігі үшін жасалғанын баса айтқан Асқар Мамин өңіріміздің бас дәрігері Мұқан Егізбаевтің елеулі еңбегіне ерекше баға берді.

мамин егизбаев 1.jpg

Арыста орын алған апаттан кейін толық жөндеуден өткен ауруханада толыққанды заманауи «Триаж жүйесі» іске қосылып, медициналық ақпараттық жүйесімен қамтылған. Арнайы қызыл, сары, жасыл түсті бағыттарға арналған принтерлермен жабдықталып, электрондық қолтаңбалар орнатылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамқа қатысты сот процесі басталды
  • Шетелдік инвесторға Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды
  • Түркістан облысында 11 айда өнеркәсіп өнім көлемі 1,4 трлн теңгеге жетті
  • Түркістан облысында жаңа жылдың алғашқы тәулігінде 106 сәби дүниеге келді
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРТА АЗИЯДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ МАҚТА КЛАСТЕРІ ҚАЛЫПТАСЫП, ҮШ ІРІ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер