Балалар есірткіге қарсы

Screenshot_3.jpg

Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Облыс әкімдігі, Түркістан облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе «Самал» жазғы сауықтыру лагерінде «26 маусым –Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз  айналымымен күрес күніне» арналған «Есірткісіз болашақ!» атты ұранымен акция өтті.

 Іс-шара барысында концерттік бағдарлама көрсетіліп, демалушы балалармен спорт түрлерінен жарыстар, жас бүлдіршіндер арасында асфальтке сурет салу жарыстары ұйымдастырылды. Нашақорлықтың алдын алуға бағытталған топтық тренингтер өткізіліп, жастар флешмоб биледі. Жарыстың жүлдегерлеріне Түркістан облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада 1 орынға шықты
  • Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы 7 жылда 3 есе өскен
  • Түркістанда асыл тұқымды ешкілер көрмесі өтті
  • Түркістандық делегация Қытай зауыттарын аралады
  • Уәли Қыдыр жаңа қызметке тағайындалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер