Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамқа қатысты сот процесі басталды

image.png

Түркістан облысында Қоссейіт ауылының тұрғыны 41 жастағы Алмас Садақбаевқа дәрменсіз күйдегі әкесіне зорлық көрсету және денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру айыбы тағылып, сот процесі басталды.

Сот Жетісай аудандық сотында өтіп жатыр. Бүгінгі отырыста куәгерлер сөз сөйледі. Куәгерлердің айтуынша, қарияға көрсетілген зорлық әрекеттердің видеосы алдымен жергілікті чаттарда тараған.

Іс бойынша куәгер, ауылдық амбулатория дәрігері Гүлжан Чукманова видеоны көрген соң Қоссейіт ауылдық округінің әкімі Нұрбол Жайнарға хабарласып, айыпталушымен сөйлесуді сұраған. Әкім қарияны үйінде барып көргенін айтып, ол кезде марқұмның төсекте жатқанымен күтімі жақсы болғанын жеткізген.

Сот отырысында Нұрбол Жайнар айыпталушының әкесі қайтыс болғаннан кейін ғана видеоны көргенін айтып, Садақбаевты әңгімеге шақырып, кездесуге учаскелік полиция қызметкерін де қатыстырғанын хабарлады.

Алайда Алмас Садақбаев әкесіне зорлық көрсеткенін жоққа шығарып, қарияның ауыр науқаста болғанын және оған күтім жасаудың қиын болғанын алға тартқан. 2 қыркүйекте марқұм көз жұмған.

Жергілікті дәрігерлер өлімнің табиғи себептен болғанын растайтын анықтама берген. Дегенмен қылмыстық іс қозғалған соң, тергеу барысында мәйіт эксгумацияланған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамқа қатысты сот процесі басталды
  • Шетелдік инвесторға Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды
  • Түркістан облысында 11 айда өнеркәсіп өнім көлемі 1,4 трлн теңгеге жетті
  • Түркістан облысында жаңа жылдың алғашқы тәулігінде 106 сәби дүниеге келді
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРТА АЗИЯДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ МАҚТА КЛАСТЕРІ ҚАЛЫПТАСЫП, ҮШ ІРІ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер