Саурандықтар түркиядағы кәсіпорындармен келіссөз жүргізді

image.png

Түркістан облысы, Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандық, «Жасыл Сауран» мекемесінің директоры Нұржан Бадамбаев және жеке кәсіпкерлер Түркия Республикасының Кония қаласына жұмыс сапарымен барды деп хабарлайды Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Іссапардың негізгі мақсаты – шетелдік инвестиция тарту, кәсіпкерлік байланыстар орнату және аудан көлемінде өндірістік әлеуетті арттыру. Сапар барысында делегация мүшелері Кония қаласындағы бірқатар индустриялық аймақтарды аралап, жергілікті өндіріс ошақтарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар ірі кәсіпорындармен іскерлік кездесулер өткізіліп, нақты әріптестік мүмкіндіктері талқыланды.

Атап айтқанда, гидравликалық қысым, механикалық діріл және PLC басқару жүйесіне негізделген автоматтандырылған машиналар шығаратын «Kanat Makina San. Tic. Ltd. Şti», мәрмәр тас өңдеу жабдықтарын өндіретін «Efeşen», сондай-ақ сүт өнімдері және бал өндіруге арналған машиналар мен жабдықтар шығаратын «Türköz» компанияларымен ынтымақтастықты нығайту мақсатында келіссөздер жүргізілді.

Кездесулер нәтижесінде екіжақты экономикалық байланысты дамытуға ниет білдірілді. Бұл сапар Сауран ауданы үшін жаңа өндірістік технологияларды меңгеру мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында маңызды қадам болмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Саурандықтар түркиядағы кәсіпорындармен келіссөз жүргізді
  • Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада 1 орынға шықты
  • Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы 7 жылда 3 есе өскен
  • Түркістанда асыл тұқымды ешкілер көрмесі өтті
  • Түркістандық делегация Қытай зауыттарын аралады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер