Уәли Қыдыр жаңа қызметке тағайындалды

image.png

Журналистика саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар Уәли Қыдыр «Turkistan Media Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев таныстырды.

Уәли Қыдыр 1975 жылы Түркістан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

Еңбек жолын «Заң» басылымдарында редактор болып бастады. 2001 жылы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінде жұмыс істеді. 2002–2009 жылдары республикалық «Заң» газетінде тілші, бөлім редакторы қызметтерін атқарды. Бұдан кейін «Нұр-Астана» газетінің Алматыдағы бөлімін басқарды, сондай-ақ «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары болды.

2012 жылы – «Қазақ радиосы» директорының орынбасары, 2013 жылы – «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының директоры қызметін атқарды. Ал 2024 жылдан бері «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директоры лауазымында болды.

«Turkistan Media Holding» ЖШС-не бұған дейін жетекшілік еткен Жанахмет Ағыбаев өз өтініші бойынша қызметінен босатылған болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда биологиялық белсенді қоспалар мен дәрумендер өндіретін жаңа зауыт ашылуы мүмкін
  • Сайрамдық 32 отбасы баспаналы болды
  • Түркістан облысында ел тарихында алғаш рет 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі енгізілді
  • Түркістан: Отбасын қолдау орталықтарында жыл басынан бері 4 мыңнан астам қызмет көрсетілген
  • Саурандықтар түркиядағы кәсіпорындармен келіссөз жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер