Түркістанға шетелдік инвесторлар қызығушылыө танытып отыр

image.png

Түркістан облысына ҚХР-нан келген делегациясыны Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қарсы алып, өңір әлеуетімен таныстырды. Шетелдік топ өңірдегі өндірістік және индустриалық аймақтарын аралап көрді. Облыс әкімі іскерлік кездесу өткізіп, келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар логистикалық парктердің мүмкіндіктерін зерттеу, Қазақстанның энергетика және тау-кен өндіру секторларын талдау, өңірде бірлескен қойма немесе сауда өкілдіктерін құру мәселелерін талқылады. Инвесторлар жобаларын таныстырып, ұсыныстарын білдірді. 

Аймақ басшысы облыстың инвестициялық және туристік әлеуетімен таныстырып, екіжақты тиімді байланыс орнатуға дайын екенін айтты. 

– Түркістан облысы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып, берік негізде қалыптасуда. Өткен жылдың соңында Хубэй провинциясына сапарым барысында өзіңізбен кездесіп, бірқатар жобаны іске асыру жайын талқылаған едік. Сіздің бүгінгі сапарыңыз Ухань қаласында басталған конструктивті диалогтың және өзара сенімге негізделген серіктестіктің нақты жалғасы деп білемін. Өңірдің кадрлық әлеуеті жоғары. Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Өңіріміз тек Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін логистикалық торап ретінде қалыптасуға толық әлеуеті бар. Бұл ретте, авиациялық жүк тасымалын дамыту, әуежай аумағында техникалық қызмет көрсету орталықтарын орналастыру, тұрақты халықаралық жүк бағыттарын ашу, өңірде заманауи логистикалық парктер құру, жүк сақтау, сұрыптау, тарату және қайта өңдеу бағытындағы инфрақұрылымды қамтитын кешенді бірлесіп дамытуға дайынбыз. Бұдан бөлек, бірлескен индустриалды аймақты құру екіжақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тиімді екенін атап өткен жөн. Бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, іскерлік серіктестік құруға, ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастық орнатуға әзірміз, – деген облыс басшысы әкімдік тарапынан барлық мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетінін жеткізді.   

Айта кетейік, қытайлық делегация Түркістан облысындағы екі күндік сапарында Түркістанда  құрылысы жүріп жатқан мақта зауытында болды. Жоспарымен танысты. Одан кейін Сауран ауданы, Ораңғай ауылындағы арнайы экономикалық аймағының жұмысымен танысты. Инвесторларға «Turan» арнайы экономикалық аймағының, өңірдегі инвестициялық алаңдардың қолдаулары туралы мағлұмат берілді. Кездесуден кейін делегация Түркістан қаласына экскурсия жасады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында 70-ке жуық ашық жағажайлар ашу жоспарлануда
  • Қала әкімі Сауран секторының тұрғындарымен кездесті
  • Түркістан қаласында биыл 944 пәтерлі 11 тұрғын үй пайдалануға берілмек
  • Түркістанға шетелдік инвесторлар қызығушылыө танытып отыр
  • Сергей Дворцевой Түркістанда тайқазан туралы фильм түсіріп жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер