Жетісайда қауын пісті

image.png

Жетісайлық шаруалар биылғы жылы 79,3 мың гектар суармалы жердің 43 мың гектарына мақта шитін сепсе, 16,7 мың гектар жерге бақша, 7,5 мың жерге дәндік жүгері, 3,6 мың га жерге көкөніс пен 6,7 мың гектар алқапқа мал азықтық дақылдарын еккен. Бүгінгі күнде көкөніс дақылдарынан 36 мың тонна өнім жиналған.

Одан бөлек, егістік алқаптарда егілген қауын дақылдарының алғашқы өнімі пісіп те үлгерген.

Соңғы 15 жылдан бері диханшылықпен айналысып келе жатқан жетісайлық шаруа Әл-Фараби Күзенбаев Ж.Ералиев ауылдық округіндегі 50 гектар жеріне қауынның «Нұр-Бакинка» және «Дампера» сорттарын ексе, 250 гектарына мақта шитін сепкен. Жылдағы әдеті бойынша биыл да бақша өнімдерін өзгелерден ерте нарыққа шығарып отыр.

Қожалық төрағасының ерте көктемде отырғызған көшеттері жоспардағы 65 күнде емес, 70 күнде дайын болып отыр. Енді сұранысқа сәйкес Ресей Федерациясына 100 тонна қауынды экспорттап жатыр. Баға да жаман емес, келісі 400 теңге.

«Биыл қауынымыз жылдағыдан сәл ертелеу пісті. Сұраныс та жақсы. Ағын судан қиыншылықтар болғанымен, тапшылық сезілмеді. Алғашқы өнімдерімізді Ресейге экспорттап жатырмыз. Біз егістік басынан келісін 400 теңгеден саудалап жатырмыз, көрші елде бізден де қымбат. Ешқандай делдалсыз өнімді егістік басынан өзіміз көліктерге тиеп, жіберіп жатырмыз» дейді «Әл-Фараби» шаруа қожалығының төрағасы Әл-Фараби Күзенбаев.

Бүгінде 30-ға тарта жергілікті тұрғынды жалдап, күніне 8 – 12 мың теңге аралығында ақы төлеп отырған Әл-Фараби Анарбайұлы орта есеппен гектарынан 400 центнерден өнім алуды жоспарлауда.

Айта кетейік, өткен жылы 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген ауданда 110 мың тонна мақта, 549 мың тонна бақша, 88,8 мың тонна көкөніс, 46,1 мың тонна дәнді және бұршақты, 67,7 мың тонна мал азықтық дақылдар жиналған.

image.png


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жетісайда қауын пісті
  • Түркістан облысында су үнемдеу мәселесі талқыланды
  • Түркістан облысының оқушысы ҰБТ-дан ең жоғары 140 ұпай жинады
  • Саясат Нұрбек Түркістан облысына келді
  • Денсаулық сақтау министрі Түркістан облысында медициналық мекемелердің жұмысымен танысты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер