Түркістан облысында шіркейлерге қарсы кешенді дәрілеу жұмыстары жалғасуда

image.png

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірдегі шіркейге қарсы дезинсекция шаралары күшейтілді. Қазіргі уақытта кешенді жұмыстар өңірдегі Түркістан, Арыс қалалары және Шардара, Сауран, Отырар аудандарында үздіксіз жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Арнайы мамандар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай, қауіпсіз әрі тиімді дәрілерді қолданып, су айдындары мен шіркейлер шоғырланған аумақтарды өңдеуде. 

Барьерлік химиялық өңдеу 22 сәуірден басталды. Қажетті өңдеу аумақтары 52 елді мекенді қамтитын 15 секторға бөлінген. Бұл жұмыстарға бүрку қондырғылары орнатылған толық жетекті 38 жеңіл автокөлік техникасы, 23 қолдық арқа бүріккіш, 4 термогенератор, дрондар және арнайы мамандар жұмылдырылған. Жұмыстар тұрақты түрде жалғасады. 

Мамандар дәрілеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте жол үстіндегі жанжалдан кейін төрт ер адам ұсталды
  • Түркістан облысындағы колледждерде сұранысы төмен мамандықтар қысқартылмақ
  • Әкесінің өліміне айыпталған Алмас Садақбаев сотта кешірім сұрады
  • Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамқа қатысты сот процесі басталды
  • Шетелдік инвесторға Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер