Сарыағашта мешітте балаларға аяғын уқалатқан имам көпшіліктің ашуын туғызды

image.png

Түркістан облысында имамға қатысты шу шықты. Әлеуметік желіде уағыз айтып отырған имамның аяғын уқалап отырған  3 баланың видеосы тарады деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі. Имамның бұл әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды. Анықталғандай бұл Сарыағаш қаласындағы  Әбішұлы Сатыбалды мешітінде  болған. Ал видеодағы ақсақал Сарыағаш медресе-колледжінің құрылтайшысы Әбжаппар Сманов. 

Түркістан облыстық орталық мешіті өкілдері видеоға қатысты келесідей мәлімет таратты. 

"Видеода Әбжаппар Смановтың аяғын 2-3 жас бала уқалап отырғаны көрінеді. Ол балалар медресе-колледж шәкірттері емес, өзінің туған немерелері екендігін мәлімдейміз. Атап айтқанда, балалардың бірі — үлкен ұлының баласы Хамза Закарияұлы, Дінмұхаммед Смановтың ұлы - Мехдат Дінмұхаммедұлы және жиені Талха Мұхтарұлы. Видео авторы жаман ниетте түсірмеген, ол азамат Сарыағаш медресе-колледжінің тәрбиешісі Нұрсұлтан Оспанов, - делінген ақпаратта.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ФинIQ – тест на финансовую грамотность
  • ФинIQ – қаржылық сауаттылыққа арналған тест
  • «Құқықтық мәдениет – жарқын болашақ кепілі» атты жастар форумы өтті
  • Облыстық фракцияның жиынында қысқы маусымға дайындық мәселелері пысықталды
  • Білім деңгейін дамытудың жаңа бағыттары айқындалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер