Жандос Тасов: Қаламызда интернет алаяқтарға алданған тұрғындар азаймай тұр

image.png

Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, Түркістан облысы экономикалық тергеп тексеру департаменті, қала прокуратурасы,  қалалық полиция бөлімінің, банк өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді. 

Жиынды қала әкімі Жандос Тасов жүргізіп, қоғамда белең алып бара жатқан интернет алаяқтарынан сақтану маңызды екенін айтты.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында лудомания, қаржылық пирамида және интернет алаяқтық, одан бөлек халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында өзекті мәселе көтерген болатын. Шын мәнінде соңғы жылдары халық арасында интернет алаяқтарынан зардап шеккендердің саны артып келеді. Соңғы уақыттарда қаламызда алданып қалған тұрғындардың көбеймесе азаймай тұрғаны алаңдатуда. Бүгінгі шараның да маңыздылығы тұрғындарды толықтай ақпараттандыру, алаяқтарға алданбай, сақ жүруге шақыру», деді қала әкімі.

Кездесуде тәртіп сақшылары интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері, сонымен қатар, осы қылмыстың құрбаны болмау үшін жасалатын қадамдар туралы айтып берді. Олар әлеуметтік желілерде, онлайн дүкендерде және басқа да интернет алаңдарында жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелерге баспау, сондай-ақ интернет арқылы қаржы транзакцияларын жүзеге асырған кезде сақ болу қажеттігіне тоқталды.

Осы мәселеде негізінен алаяқтың құрығына тұрақты табысы бар саланың мамандары жиі түседі екен. Олардың қатарында мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен әр салада қызмет ететін мамандар бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті
  • Қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда
  • Сайрам ауданында жаңа шағынауданның құрылысы басталды
  • Ясауи кесенесіндегі қабірхана бөлмесі есігінің құпиясы ашылды
  • Түркістанда аудандық білім бөлімінің 23 қызметкеріне үкім шықты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер