Түркістанда «Халық заңгері» акциясы өтті

7.jpg 

Түркістанда кезекті «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

Жалпыреспубликалық науқандв 2000-ға жуық тұрғынға тегін заңгерлік кеңес берілді.

«Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мен тегін заң көмегін көрсету мақсатында ұйымдастырылған шарада тұрғындар еліміздің заң қоғамдастығының ең үздік өкілдерінен қажетті ақпараттарын алды.

Тұрғындардың талап-тілегі мен өзекті сауалдарын қанағаттандыруды көздеген айтулы шараға ҚР Үкіметінің қолдауымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Әділет министрлігінің, Zakon.kz желілік басылымының, "Параграф" ақпараттық жүйесінің, Республикалық адвокаттар алқасының сондай-ақ, мемлекеттік билік органдары мен Қазақстанның үздік заңгерлері қатысты.

Айта кетейік, халық сұранысы негізінде науқан жыл сайын дәстүрлі ұйымдастырылып келеді.

Акция арқылы күні бүгінге дейін 165 мыңнан астам азаматқа тегін құқықтық көмек көрсетілген.

«Халық заңгері» теңдесі жоқ бірегей акциясы 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл идеяны еліміздің барлық заңгерлік қауымы қолдады. Акцияның тез көбейіп, сұранысқа ие болғаны сонша, оны жыл сайын өткізу туралы шешім қабылданды. Жобаның мақсаты – азаматтардың, әсіресе, халықтың осал топтарына: аз қамтылғандарға, көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, шағын және орта бизнес өкілдері, студенттер және басқа да көптеген азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Зелёная экономика как основа устойчивого развития региона
  • Энергетика министрлігі көмір саласындағы мәселелерді шешу үшін кешенді шаралар қабылдамақ
  • Жамбыл облыстық ауруханасында ерекше операция: Хирургтер трихобезоарды алып тастады
  • Түркістанда биологиялық белсенді қоспалар мен дәрумендер өндіретін жаңа зауыт ашылуы мүмкін
  • Сайрамдық 32 отбасы баспаналы болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер