Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы - аса қауіпті жұқпалы ауру!

image.png

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – бұл вирус  қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру, науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда, өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі клиникалық көріністері: инкубациялық кезең (ауру қоздырғышын жұқтырғаннан- ды, бұл кезеңнің ұзақтығы вирусты жұқтыру жолына байланысты болады.  

Аурудың алғашқы  белгілері дене қызуының кенеттен 380С және одан жоғары  көтерілуімен, қатты бас ауыруымен, көздің қызаруы, бет, мойын және дененің жоғарғы бөлігін қан кернеуімен және мойын, арқа, белдің ауыруымен, лоқсу немесе құсу, іш ауыруы немесе өтуі, ал ауру одан әрі дамыған жағдайда денеде бөртпелердің пайда болып, мұрыннан, қызыл иектен, жатырдан, асқазаннан қан кету және ине енгізу орындарында қанталау (гематомалар)       белгілерінің байқалуымен сипатталады.

  Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы қалай жұғады? Негізгі жұқтырушы және ауру қоздырғыштарын тасымалдаушы кене, сонымен қатар   жабайы және үй жануарларының ағзасында да  ауру қоздырғыштары болады. Адамның ауруды жұқтыруы жұқпаланған кенемен қатынаста немесе кене шаққан жағдайларда және қанында вирусы бар жануарларды сою кезінде, сондай-ақ науқас адамға күтім жасау кезінде немесе мәйіттің қанымен, сұйықтығымен және ағза бөлінділерімен ластанған медициналық құралдар арқылы жанама байланыс арқылы жұғуы мүмкін. 

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы  ауруының алдын алу жұмыстары: 

Аурудың алдын-алу үшін табиғи ошақ аумағында орналасқан елді мекендердегі жануарларды, қора-жайлар мен буферлік аймақтарды, үй жайлар ауласы мен демалыс аймақтарын кенеге қарсы залалсыздандыру қажет.

Табиғи ошақтарда орналасқан тұрғындар малдарды күтіп қарағанда, жануарларды сою мен етін бөлшектеуде және қырқым кезінде кенелердің шабуылынан және кене қанымен жанасты болдырмау мақсатында жеке қорғану үшін арнайы киім кию қажет (қалпақты комбинезон, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу, жақсы қорғалған аяқ және бас киім, резіңке колғап).

Облыс тұрғындарының назарына:

Түркістан облысы аумағы аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы  ауруынан қолайсыз аймақтар қатарына жатады. 

Жыл сайын көктем және күз айларында қолайсыз елді мекендердің санитарлық қорғау аймақтарында және ауылшаруашылығы малдары арасында  энзоотиялық ауруларға қарсы өңдеу және қора-жайлар мен мал шоғырланатын иірім, суаттар мен бұталарда залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

 Осыған орай, облыс тұрғындары оның ішінде иелігінде ауылшаруашылық малдары бар азаматтар залалсыздандыру жұмыстарына дейін қора-қопсыларды қи мен көңнен механикалық жолмен тазартып, науқан кезеңдерінде ауылшаруашылық малдарының залалсыздандыру жұмыстарымен қамтылуын қадағалау қажет.   

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы  ауруынан сақтану жолдары: 

Табиғатқа демалысқа шыққанда кененің жабысқаны көрінетін ашық түсті жақсы қорғалған резеңкелі манжетті жеңі ұзын көйлек кию қажет. Денеге кененің жабысқанын тексеру үшін өзіңіз және өзіңізге байқалмайтын орындарды (мойын, бастың шаш бөлігі, дененің артқы жағы т.б.) бір-біріңіздің үстеріңізді мұқият қарап отыру қажет. 

Дененің ашық жерлеріне және киімге кене ағзасына кері әсер ететін немесе оны жоюға арналған арнайы акарорепеленттерді, акарицидтерді  және жеке қорғану құралдарын қолдану қажет. 

 Кене шаққанда немесе кенемен жанаста болу арқылы аса қауіпті инфекцияны жұқтыру мүмкін болғандықтан, өзіңізді және өз жанұяңызды қорғау үшін міндетті түрде жеке басты қорғау, сақтану құралдарын пайдаланыңыз! 

Кене шаққан немесе кенемен жанаста болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралуыңыз және 14 күн медициналық бақылауда болуыңыз қажет.

Б. АКИМХАНОВ,  Түркістан облысының

санитариялық-эпидемиологиялық 

бақылау департаментінің бас маманы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан мектептерінде "Ясауитану" пәні оқытылмақ
  • Анасы өлтірген болуы мүмкін марқұм балалардың бірі ұл, біреуі қыз
  • Тасада тұрған «диспетчерлер» кімдер? Леңгірде көше атауының дауы 5 жылдан бері созылып келеді
  • Базардан кітапхана ашылды. Түркістанда тың бастама қолға алынды
  • Имандылыққа шақырған жүздесу болып өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер